АСТАНА. ҚазАқпарат – Бокстан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық екі спортшының қарсыластары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Таиланд астанасы Бангкок қаласында өтіп жатқан құрлықтық додада ел құрамасынан қыздар арасында Жасмин Қизатова (70 келі) вьетнамдық Труонг Мин Тху Кюнхты, Гүлсая Ержан жартылай финалда непалдық Триша Джебегуді тізе бүктіріп, финалға шыққан еді.
Енді ақтық сында Жасмин Қизатова өзбекстандық Азизой Зокировамен қолғап түйістірсе, Гүлсая Ержан таиландтық Пурннипа Чутимен шеберлік байқасады.
Құрлықтық дода жартылай финалында ел құрамасынан Мөлдір Тойкова (50 келі), Әнел Сақыш (54 келі), Виктория Графеева (57 келі), Шахназ Исаева (60 келі), Назерке Серік (63 келі), Ақнар Ищанова (66 келі), Дана Дидай (75 келі) қарсыластарына есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.