Азия чемпионаты: Филиппинде жас боксшылар жарысты сәтті бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппин елінде бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр, деп қабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған додада қазақстандық жас былғары қолғап шеберлері де өнер көрсетіп, алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша іріктеуден сүрінбей өткен боксшыларымыздың есімдері белгілі болды.

Жарыстың бірінші күні бес боксшымыз шаршы алаңға шығып, біреуі жарыс жолынан шығып қалса, қалған төртеуі келесі жекпе-жекке шығуға мүмкіндік алды. Ал жарыстың екінші күні жеті боксшымыз шаршы алаңда атой салып, жетеуі де жеңіске қол жеткізді.

1-ші күнгі нәтиже:

46 kg, Akilbek Mukhtarov (Kazakhstan) - Mostafa Rigi (Iran), RSC R3

50 kg, Talgat Syrymbetov (Kazakhstan) - Anil Shinde Swapnl (India), 4:1

52 kg, Bibars Zheksen (Kazakhstan) - Leki Wangchuk (Bhutan) Ж2

54 kg, Aitzhan Ashirkhan (Kazakhstan) - Ruspek Bektenov (Kirgizstan), 5:0

63 kg, Shoi Someya (Japan) - Azamat Bektas (Kazakhstan), 3:2

Екінші жарыс күнінің қорытындысы:

48 kg, Makhmud Sabirkhan (Kazakhstan) - Russu Laurente Criz (Philippines), 4:1

52 kg, Bibars Zheksen (Kazakhstan) - Chin Tsai Jui (Taipei), 5:0

81 kg, Arnur Akhmetzhanov (Kazakhstan) - Munkhjavhalan Tserenkhishigt (Mongolia), RSC-! R1

60 kg, Bekzat Erimbet (Kazakhstan) - Hyeongho Kang (Korea), RSC R2

70 kg, Yerassyl Zhakpekov (Kazakhstan) - Khayotbek Bakhtiyorov (Uzbekistan), 5:0

75 kg, Kuandyk Maksut (Kazakhstan) - Madiyar Rejepov (Uzbekistan), 5:0

80 kg, Sagyndyk Togambay (Kazakhstan) - Armin Azari Privatlou (Iran), RSC R2