Азия чемпионаты финалында қазақстандық қызды жеңген боксшы жігіт болып шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатында 57 келіге дейінгі салмақ санатында финалда қазақстандық Еркежан Дәулетжанқызыны жеңген қарсыласы - вьетнам боксшысы До Хонг Нгок (Do Hong Ngoc) жігіт болып шықты, деп хабарлайды«SPORTINFORM» САА  Kaz.altaynews.kz-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетсек, сәуір айында Тайландта өткен құрлықтық бәсекеде  Еркежан Дәулетқызы финалда вьетнамдық қарсыласынан  0:5 есебімен ұтылған еді.

 «Еркежанның қарсыласы өзінің айқасты жүргізу мәнері, рингтегі қозғалысы және дауысы жағынан жігітке күшті ұқсаған болатын. Бұл көпшіліктің назарына ілікті. Бірақ ол кезде қыз деп есептелген. Ал қазір,  АИБА ДНК анализін тексергенде  бәрі белгілі болды. Нгок - жігіт»,- деді қазақстандық қыздың жеке бапкері Арман Тыныбаев.

Тыныбаевтың айтуынша, оған бұл тосын жаңалықты ҚР жасөпірім қыздар  құрамасының  аға бапкері Алмаз Қуатбеков айтқан. Енді Еркежан АЧ-2018-дің «алтынын», соған сәйкес Буэнос-Айресте өтетін Жасөспірімдердің Олимпиадалық Ойындарына жолдама алуы тиіс.

ҚР Бокс федерациясы енді Азия бокс конфедерациясына ресми сауал жолдайтын болады.