Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы «азулы» қарсыластарынан айласын асыра алмады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Волейболдан Индонезияның Сурабая қаласында өтіп жатқан ерлер арасында Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңілісіне ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші топтық кезеңде өткізген үш ойында қарсыластарын айқын басымдықпен жеңген отандастарымыз екінші топтық кезеңнің алғашқы ойынында «азулы» жапониялық қарсыластарынан айласын асыра алмады. Есеп: - 3:0.

Енді Қазақстан құрамасы 29 шілде күні Оңтүстік Корея құрамасына қарсы ойнайды.

Естеріңізге сала кетсек, бірінші топтық кезеңде Қазақстан құрамасы Индонезия, Катар және Сауд Арабиясы құрамаларын ұтып, ширек финалға өткен болатын.