Бұл ойында біздің волейболшыларымыз үш сетте де (25:22, 25:16, 25:9) жеңіске жетіп, Моңғолия құрамасынан 3:0 есебімен басым түсті. Осылайша, Қазақстанның волейболшылары қатарынан екі рет жеңіске жетіп отыр. Кеше олар Таиланд командасын жеңген болатын.
Айта кетейік, чемпионат кеше, 13 қыркүйек күні басталды. Оған Австралия, Моңғолия, Қазақстан мен Таиландтың волейбол командалары қатысуда. Қазақстан құрамасының барлық ойындарын «Қазспорт» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетіп жатыр.