АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ел құрамасы медальдар кестесінде бесінші орынға тұрақтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құрлықтық додада ел құрамасы бір алтын, бір күміс, үш қола медаль алды.
Қазақстандық Нұрғиса Әділетұлы Азия чемпионы атанды.
Тағы бір қазақстандық Артем Антропов (109 келі) екінші орынға жайғасты.
Оған қоса Арли Чонтей ( 55 келі), Алексей Чуркин (73 келі), Андас Самарқанов (109 келі) қола жүлдегер болды.
Қазақстандық спортшылар дәл осындай көрсеткішке қол жеткізген Өзбекстан құрамасымен бесінші орынды өзара бөлісіп тұр.
Көш басында барлығы 14 медаль (9-5-0) алған Қытай тұрса, одан кейінгі орындардағы Тайваньның 5 (2-1-2), Оңтүстік Кореяның 10 (1-5-4), Таиландтың 6 (1-2-3) медалі бар.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.