НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты қай уақытта басталатыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еске салсақ, құрлықтық доданың финалдық жекпе-жектері 13 және 14 наурыз күндеріне белгіленген. Онда еліміздің атынан барлығы 27 спортшы бақ сынайды.
Жасөспірім ұлдар мен қыздар 13 наурыз күні шаршы алаңға шығады. Жекпе-жектер елорда уақытымен 17:00-де басталады.
Ал 14 наурызда жастар елорда уақытымен 17:00-де бәсекені бастайды.
Бұдан бұрын Азия чемпионатында финалға шыққан қазақстандық боксшылардың қарсыластары анықталғаны
хабарланды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.