АСТАНА. ҚазАқпарат - Филиппиннің Манила қаласында өтіп жатқан семсерлесуден 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан қоржыны тағы екі «алтынмен» толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, алдымен саблядан Қазақстан әйелдер командасы финалда Оңтүстік Корея спортшыларын 45:32 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
Қазақстан намысын Айбике Хабибуллина, Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик және Карина Доспай қорғаған болатын.
Хабибуллина саблядан жекелей сында чемпион атанып, Әйгерім Сарыбайдың күміс жүлдегер атанғанын да естеріңізге саламыз
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.