АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында Элина Михина топ жарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық желаяқ әйелдер арасында 400 метрге жүгіруде сынға түсті. 28 жастағы атлет аталған қашықтықты 54.07 секундта бағындырды.
Сондай-ақ ерлер арасында 400 метрге жүгіруде қазақстандық Михаил Литвин күміс жүлдегер атанса, Ақбаян Нұрмамет 1500 метрге жарыста қола жүлде жеңіп алды.
Қазір Қазақстан қоржынында 2 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль бар.
10 ақпанда ел құрамасынан Каролин Чепкоеч 3000 метрге жүгіруден мәре сызығын бірінші болып қиса, 60 метрге жүгіруде қазақстандық Ольга Сафронова күміс жүлдені жеңіп алды.
Жарысқа 31 елден келген 360 спортшы қатысуда. Олар жеңіл атлетиканың 26 түрінен сайысқа түседі. Құрлықтық дода 12 ақпанда мәресіне жетеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.