Аламан ұлттық спорт порталының мәліметінше, бүгін бапкерлер кеңесі құрлықтық сында Қазақстан намысын қорғайтын балуандардың есімін жариялады.
Еркін күрестен Ұлттық құраманың бас бапкері Алтай Танабаевтың таңдауы төмендегідей:
55 келі - Руслан Сексенбаев,
60 келі - Фуад Мусаев,
66 келі - Мақсат Дауылбаев,
74 келі - Абдулхәкім Шапиев,
84 келі - Қанат Бердыев,
96 келі - Жұмағали Мамутов,
120 келі - Ержан Дуйсенбеков
Саржан Жаксыбеков тізгінін ұстаған әйелдер құрамасы:
48 келі - Элеонора Әбутәліпова,
51 келі - Жұлдыз Әшімова,
55 келі - Айым Әбділдина,
59 келі - Айжан Смағұлова,
63 келі - Елена Шалыгина,
67 келі - Татьяна Захарова,
72 келі - Гүзел Манюрова.
Мұратбек Қасымхановтың кілемге шығаратын грек-рим күресінің шеберлері:
55 келі - Жангелді Азкенов,
60 келі - Ербол Қоңыратов,
66 келі - Елдар Қайратов,
74 келі - Асет Әділов,
84 келі - Мақсат Ережепов,
96 келі - Марғұлан Әсембеков,
120 келі - Абдумәлік Сартбаев.
Аталмыш Азия чемпионаты Астанада өтетін Азия лицензиялық турниріне қатысушы еліміздің балуандарын анықтайтын жарыстардың бірі.