АСТАНА. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяның Чинджу қаласында 5 мамырда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан ауыр атлетика федерациясынан мәлім еткеніндей, бұл біріншілік 2024 жылы өтетін Олимпиада қарсаңындағы іріктеу турнирі саналады.
Азия чемпионатында Қазақстан намысын 20 спортшы қорғайды.
Ерлер:
Арли Чонтей ( 55 кг),
Өтепберген (Әлиев 61 кг),
Анатолий Савельев (67 кг),
Алексей Чуркин (73 кг),
Еламан Сейітқазы (81 кг),
Асылжан Бектай (89 кг),
Сергей Петрович (89 кг),
Нұрғиса Әділетұлы (102 кг),
Артем Антропов (102 кг),
Андас Самарқанов (109 кг).
Әйелдер:
Айнұр Әбдіқалықова (45 кг),
Екатерина Алякина (55 кг),
Алина Колиушко (59 кг),
Карина Горичева (64 кг),
Арай Нұрлыбекова (76 кг),
Айша Омарова (81 кг),
Айым Есжанова (81 кг),
Динара Қыпшақбай (87 кг),
Айсамал Сансызбаева (87 кг),
Любовь Ковальчук (87 кг).
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).