НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Әлішер Ерғали Ұлан-Батырда өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жамбыл облысының өкілі Әлішер Ерғали 125 келіге дейінгі салмақта соңғы бәсекеде ирандық, екі дүркін Азия чемпионы Йодаллах Мохаммадказем Мохебимен күш сынасты.
Тартысты өткен белдесуде ирандық 3:1 есебімен жеңіске жетті.
Тағы бір қазақстандық Әділет Дауланбаев 92 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті. Ол қола жүлде үшін белдесуде жапониялық Такума Отсудан ұтылып жатып, жауырынын жер иіскетіп, таза жеңіп кетті.
Қазақстандық еркін күрес шеберлері Азия біріншілігінде 1 алтын, 3 күміс, 4 қола медальді жеңіп алды.
Енді биыл қазақстандық балуандар Азия ойындары мен әлем чемпионатында бақ сынайды.
Осылайша, Моңғолия астанасында күрес түрлерінен алты күнге созылған Азия біріншілігі мәреге жетті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Нұрқожа Қайпановтың Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Азамат Дәулетбеков Азия чемпионы атанды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).