Азия чемпионатында қазақстандық балуан қыздар үш жүлде алды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер күресінен еліміздің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 3 медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

12 шілдеде күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты жалауын көтерді.

Жарыстың екінші күні, 13 шілдеде әйелдер күресінен ел құрамасы қоржынына үш жүлде түсті.

Құрлықтық додада Сания Солтанғали (39 келі) мен Мейрамгүл Ахметжан (46 келі) финалда қарсыластарына есе жіберіп, күміс жүлде алды.

Ал Фарида Абдрахманова (50 келі) қола жүлдеге қол созды.

Еске салсақ, бұдан бұрын грек-рим күресінен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында қазақстандық балуандар 3 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль алды.