Азия чемпионатында қазақстандық баскетболшылар БАӘ құрамасынан басым түсті

АЛМАТЫ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Баскетболдан Қытайдың Тяньджин қаласында өтіп жатқан  Азия  чемпионатында қазақстандық баскетболшылар   БАӘ құрамасынан 56:84 есебімен басым түсті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше олар Иордания құрамасына 80:98 есебімен есе жіберген болатын. Виталий Стребков жаттықтыратын қазақстандықтар келесі ойынын ертең Ливан баскетболшыларымен өткізеді.

Тамыздың 6-сы күні жалауын көтерген бұл байрақты бәсекеге биыл 16 елдің құрамасы қатысып жатыр. Іріктеу кезеңінде С тобында өнер көрсеткен қазақстандықтар   алғашқы 2 кездесуде катарлықтардан 62:77,   қытайлықтардан 74 - 56 есебімен  ұтылып қалды. Тек үшінші кездесуде ғана  үндістандықтардан 72:74 есебімен басым түсті. Одан  кейін Д тобындағы Иордания құрамасынан  жеңіліп, БАӘ баскетболшыларын жеңді.  Катарлықтардан 63:78 есебімен басым түскен Ливан құрамасы   бүгін  қытайлықтармен күш сынасады. Ал ертең  Корея мен Иран, Қытай мен Иордания, Қазақстан мен Ливан, Жапония мен Тайпей, Катар мен БАӘ,  Филиппин мен Кувейт баскетболшылары өзара сайысқа түседі.