деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Виталий Стребков жаттықтыратын қазақстандықтар бұған дейін катарлықтардан (62:77), қытайлықтардан (56:74), иорданиялықтардан (80:98) ұтылып, Үндістан (74:72) мен БАӘ баскетболшыларынан (84:56) басым түскен еді. Бүгін Қазақстан мен Ливан (56:105), Жапония мен Тайпей (79:99), Катар мен БАӘ (91:45), Филиппин мен Куәйт (85:71) командалары кездесті. Қазір Қытай мен Иордания командалары арасындағы ойын өтіп жатыр. Енді кешке Корея мен Иран баскетболшылары сынға түсетін болады. Ертең командалар бір күндік үзіліс жариялап, тамыздың 14-і күні жарысты қайта жалғастырады. Жалпы, тамыздың 6-сы күні жалауын көтерген бұл бәсеке тамыздың 16-сына дейін созылады. Оған - Филиппин, Шри-Ланка, Корея, Жапония, Иран, Тайпей, Куәйт, Өзбекстан, Қазақстан, Катар, Үндістан, Қытай, Ливан, Иордания, Индонезия және БАӘ құрамалары қатысып жатыр.