Азия чемпионатында қазақстандық баскетболшылар Үндістан құрамасынан басым түсті

АЛМАТЫ. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Баскетболдан Қытайдың Тяньджин қаласында өтіп жатқан  Азия  чемпионатында қазақстандық баскетболшылар алғашқы жеңісіне қол жеткізді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Виталий Стребков жаттықтыратын ел құрамасы жарыстың алғашқы күні  Катар құрамасына 62:77 (12:15, 18:23, 13:15, 19:24)     есебімен есе жіберген еді.  Екінші ойында   74 - 56  (26:14, 13:11, 14:11, 21:20)    есебімен жарыс қожайындарына ұтылып қалды. Тек үшінші кездесуде ғана  үндістандықтардан 72:74 есебімен басым түсті.  Ал С тобындағы өзге командалардың ойынына келсек Катар баскетболшылары екінші ойында үндістандықтардан   (95 - 70) басым түскенмен,  үшінші ойында қытайлықтардан (92:61) ұтылып қалды. Ал үндістандықтар  қытайлықтардан (49:121), катарлықтардан (70:95), қазақстандықтардан 72:74  есебімен ұтылды. Бүгін  Қазақстан - Иорданиямен,   Үндістан - Индонезиямен,  Катар - Ливанмен күш сынасады.  Қазақстандықтардың келесі ойыны  ертең  БАӘ құрамасымен өтеді.