деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеше 76:57 есебімен Кувейт құрамасын жеңген Виталий Стребковтың шәкірттері бүгін кезекті жеңісін тойлады. Олар бұл жолы 77:73 есебімен жапондық баскетболшылардан басым түсті. Жапония спортшылары кеше 86:59 есебімен БАӘ командасын жеңген болатын.
Тамыздың 6-сы жалауын көтерген құрлық біріншілігінде ел құрамасы 8 кездесу өткізіп, оның төртеуінде жеңіске жетіп, төртеуінде қарсыластарына есе жіберді. Алғашқы екі ойында Катар (62:77) мен Қытай (56:74) баскетболшыларынан есе жіберген олар үшінші кездесуде үндістандықтарды (74:72) жеңді. Одан кейін жеңіліс (Иорданиядан 80:98) пен жеңіс ( БАӘ-нен 84:56) қайталанып, тамыздың 12-сінде Ливанға (56:105) ойсырай ұтылған В. Стребковтың тәлімгерлері Кувейт пен Жапония құрамасымен болған ойындарда қарсыластарынан басым түсті.