деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аспанасты елінің Тяньджин қаласындағы бұл байрақты бәсекеде бүгін командалар демалыс алды. Ертең алғашқы боп алаңға Қазақстан мен Куәйт құрамалары шығады. Виталий Стребков жаттықтыратын қазақстандықтар бұған дейін Катар (62:77), Қытай (74: 56) және Иордания (80:98) баскетболшыларына есе жіберді. Олар тек Үндістан (72:74) мен БАӘ-дегі (56:84) құрдастарымен болған ойындарда ғана басым түсті. Ал Куәйт спортшылары болса жарыстың алғашқы күні Өзбекстан (69:64) спортшыларын қапы қалдырған еді. Одан кейін тайпейліктерге (73:51), ирандықтарға (94:46), корейліктерге (78:58), жапондықтарға (78:51) және филиппиндіктерге (85:71) ұтылды.
Енді ертең Жапония мен БАӘ, Иордания мен Филиппин, Катар мен Иран, Тайпей мен Қытай, Корея мен Ливан командалары өзара күш сынасатын болады. Кеше Қазақстан мен Ливан (56:105), Жапония мен Тайпей (79:99), Катар мен БАӘ (91:45), Филиппин мен Куәйт (85:71) Қытай мен Иордания (89:83), Корея мен Иран (66:82) баскетболшылары кездескен болатын.