12 шілдеден бастап күрес түрлерінен 15 және 20 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр.
Жарыстың үшінші күнінде еркін күрестен 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер сынға түсті. Олардың арасынан еқазақстандық екі балуан финалға жолдама алды.
Ел құрамасынан Саят Әбдуали (44 келі) мен Бекасыл Асамбек (52 келі) қарсылас шақ келтірген жоқ.
«Енді олар елорда уақытымен 21:00-де басталатын финалдық белдесуде бас жүлдені сарапқа салады. Саят Әбдуали ирандық Кейван Аршадгасабсараймен кездессе, Бекасыл Асамбек жапон Тайга Хибариномен күш сынасады», - деді Қазақстан күрес федерациясы баспасөз қызметінің жетекшісі Аспандияр Есенжолов.
Еске салсақ, бұдан бұрын Азия чемпионатында әйелдер күресінен еліміздің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы 3 медаль алды.
Сондай-ақ, құрлықтық додада грек-рим күресінен еліміздің 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының еншісінде 8 медаль бар.