63 келіге дейінгі әйелдер арасындағы бәсеке аяқталды. Аталған салмақ санатында қазақстандықтар Карина Горичеваға барынша қолдау көрсетті, деп хабарлады Sports.kz.
Алғашқы жаттығуда жерлесіміз үш рет талаптанып, үшеуі де ойдағыдай шықты. Жалпы 104 келі жинап, екінші орынды басты.
Осы нәтижеге қарап, қазақстандықтар Горичевадан үлкен үміт күткен еді. Бірақ жұлқи көтеруден кейін жанкүйерлердің қуанышы су сепкендей басылды. Отандасымыздың бір де бір талпынысы жемісін бермеді. Сөйтіп ол Азия чемпионатын аяқтады.
Бұл додада бірінші орынды Тайбедан келген Лин Зу Чи иеленді. Ал күміс медаль Солтүстік Кореяның спортшысы Чо Пок Хуангтың еншісіне тиді. Қола жүлде Қытайдан келген Ву Лиянгқа бұйырды.