АСТАНА. Қазақпарат - Иранда өтіп жатқан Волейболдан 18 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы Жапониядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК баспасөз қызметінің хабарлауынща, алғашқы сетте Қазақстан құрамасы 12 ұпай айырмашылығымен, 13:25 есебімен жол берді.
Келесі сетте Қазақстан құрамасы ұпай айырмашылығын қысқартты, бірақ жеңіс үшін бұл да жеткіліксіз еді. Есеп: 18:25.
Соңғы сетте 22:20 есебімен жеңіп тұрған қазақстандық волейболшылар шешуші минуттарда қарсыластарына 25:23 есебімен жол берді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы жүлдеге таласу құқығынан айырылып, 13-16 орындарға таласатын болады.
Фото: www.olympic.kz
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.