АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада басталған жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатында қазақстандық Каролин Чепкоеч Кипкируи алтын медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Құрлықтық додада ол 3000 метрге жүгіруден сынға түсті. Жарыс барысында қазақстандық желаяқ алдына жан салған жоқ. Ол мәре сызығын 9:01.98 секунд уақыт көрсеткішмен алғашқы болып қиды.
Аталған қашықтықта күміс жүлде қытайлық Уга Хэге бұйырса, жапониялық Юма Йамамото үздік үштікті түйіндеді.
Сондай-ақ, құрлықтық додада 60 метрге жүгіруде қазақстандық Ольга Сафронова күміс жүлдені жеңіп алды. Ол бұл қашықтықты 7.32 секундта жүгіріп өтті. Ирандық спортшы Фарзане Фасихи 7.28 секунд нәтижесімен қарсылас шақ келтірмесе, индонезиялық Валентин Ванеза 3-орын (7.37 секунд) иеленді.
Жарысқа 31 елден келген 360 спортшы қатысады деп жоспарланған. Олар жеңіл атлетиканың 26 түрінен сайысқа түседі. Чемпионат барысында халықаралық дәрежедегі 88 білікті маман төрешілік етеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.