АСТАНА. ҚазАқпарат - Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Сәкен Бибосынов бастапқы кездесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы С.Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта үндістандық Спарш Кумармен кездесті.
Бұл жекпе-жекте төрешілер 4:1 есебімен жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Сәкен ширек финалда малайзиялық Кайюм Ариффинмен жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек 5 қараша күні өтеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатын Серік Теміржановтың жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ бір боксшымыз жарыс жолынан шығып қалды. Санатәлі Төлтаев 63,5 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Руслан Абдуллаевқа есе жіберді.
Фото: sports.kz
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).