Азия чемпионатында зілтемірші Фаина Сиванбаева қола жүлдені олжалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық зілтеміршілер Тайландтағы Азия чемпионатында тағы бір медаль олжалады. Әйелдер арасында 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Фаина Сиванбаева құрамамызға бір қола жүлде әкелді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сиванбаева қоссайыс нәтижесі бойынша 229 (104 125) келі көтерген. Бұл ретте жұлқа көтеруден кейін екінші орында келе жатты. Жарыста 240 (105 135) келі көтерген қытайлық спортшы Жу Веню жеңімпаз атанды. Екінші орында жалпы 233 (103 130) келі көтерген Таиланд ауыр атлеті Сирикаев Пимсири тұрақтады.