Азия даму банкі алдағы үш жылда Қазақстан экономикасына 300-400 млн. доллар инвестициялайды

None
АЛМАТЫ. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Азия даму банкі 2004-2012 жылдар аралығында Қазақстан экономикасына 0,4 миллиард доллар инвестиция салды.

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз брифингінде  Азия даму банкінің Қазақстандағы өкілдігінің директоры Гуангуи Ли айтты.

«Азия даму банкі  2013-15 жылдары  Қазақстан экономикасына 300-400 миллион доллар инвестициялайды. Ол инфрақұрлымдық салаларға, оның ішінде  энергетикалық, көліктік жобалар мен шағын және орта бизнесті қаржыландыруға жұмсалады», - дейді Гуангуи Ли.

Оның айтуынша, Азия даму банкі Қазақстанда мемлекетік-жеке серіктестікті дамыту және білімді жетілдіру келісімдеріне қол қойған. Осыған орай үкіметтің қандай бағытта зерттеу жүргізуіне байланысты техникалық көмектер көрсетіледі.