Азия Даму банкі Қазақстанға қарыз береді
Учаскенің жалпы ұзақтығы - 65 шақырым, оның 7,7 шақырымы цемент-бетонды жамылғысы бар бірінші техникалық категориялы, ал 57,4 шақырымы асфальт-бетонды жамылғысы бар екінші техникалық категориялы болады. Айналма жол көптеген елді мекендер, жайылым мен омарталар орналасқан қаламаңы аумағы арқылы өтетін болғандықтан, құрылыс жобасында 11 көпір мен жол өтпелерін, 155 су өтпе құбырларын, сондай-ақ мал өтпелерін салу жоспарланған. Аталған жасанды құрылыстар транзит көлігіне кедергісіз өтуге және осы учаскеде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, жолдың қазіргі бөлігін 7,7 шақырымға жаңғырту, сондай-ақ Тараз қаласын 57,4 шақырымға айналма жол құрылысын салу қарастырылып отыр.
Бұл заң жобасын іске асыру еліміздің тасымал әлеуетін арттыруға ықпал етіп, халықаралық дәліздің қазақстандық бөлігіндегі қозғалыстың жиілігін ұлғайтады.
Келісімге сәйкес, Азия Даму банкі Қазақстан Республикасына 95 миллион АҚШ доллары сомасында займ береді. Оны төрт жылғы жеңілдік уақытын қосқанда, қайтару уақыты 20 жыл. Міндеттемеге комиссия жылына 0,15 пайыз мөлшерлемесі бойынша алынады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қосымша қаржыландыруы 17 миллион доллардан аспайды. Республикалық бюджеттің қаржысы құрылыс жұмыстарын, сондай-ақ салықты төлеуге жіберілетін болады.