Азия даму банкі Маңғыстау облысындағы жол учаскелерін жаңғыртуға 800 млн доллар бөледі

АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (ОАӨЭЫ 2 Дәліз инвестициялық бағдарламасы (Маңғыстау облысындағы учаскелер) -2 жоба) ратификациялау туралы» ҚР заңы қабылданды.

Қазақстан мен Азия даму банкі арасында Маңғыстау облысындағы учаскелерді қайта жаңғыртуды қаржыландыруға 800 млн. доллар сомасында жалпы келісім жасалған болатын. «Жалпы келісімнің шеңберінде 2012 жылы 283 млн. доллар сомасында келісімге қол қойылған. Бірінші транш бойынша ұзындығы 200 шақырым Бейнеу-Шетпе жолын қаржыландыру көзделеді», - дейді Көлік және комуникация министрі Асқар Жұмағалиев. Оның айтуынша, аталған учаскеде құрылыс жұмыстары 2012 жылдан бері жүргізіліп келеді.

«Бүгінгі келісім Шетпе-Атырау учаскесін қаржыландыруға қатысты болып табылады. Бұл ретте учаскенің ұзындығы 170 шақырымды құрайды. Жол төрт учаскеге бөлінген, оның екі учаскесі екі жолақты және асфальт-бетон төсемелерімен, 2-ші техникалық санатқа жатады. Қалған екеуі 4 жолақты бірінші санатқа жатады», дейді министр.

Жоба 2014-2016 жылдар аралығында іске асады.