- Олардың қатарына экономиканың түрлі салаларын дамытуға жүйелі серпін беруге қауқарлы Еуропалық қайта құру және даму банкі мен Дүниежүзілік банк тобы кіреді. IPAF-тың институционалдық тең құрылтайшысы әрі негізгі серіктесі саналатын Азия даму банкінің орны ерекше. 30 жылдан астам уақытқа созылған табысты ынтымақтастық барысында Азия даму банкі Қазақстанда жалпы құны 7,5 млрд АҚШ долларынан асатын көптеген жобаны жүзеге асырды, - деді Серік Жұманғарин.
Осы орайда Премьер-министрдің орынбасары АДБ-мен серіктестік нығая беретінін атап өтті.
- 2029 жылға дейінгі ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттары мен Білім және тәжірибе алмасу бағдарламасы бекітілді, - деді С. Жұманғарин.
Айта кетейік, бұл жиынға 19 елден 200-ге жуық өкіл және 60-қа жуық ұйым қатысып жатыр. IPAF – Азия өңіріндегі проблемалық активтерді басқару саласындағы мемлекеттік ұйымдарды біріктіретін жетекші халықаралық алаң. Саммиттің Қазақстанда өткізілуі еліміздің қаржы секторын сауықтыру және стресстік активтерді тиімді басқару бағытындағы тәжірибесін халықаралық деңгейде танытуға мүмкіндік береді.
Бұған дейін хабарланғандай, бүгінде мемлекетке заңсыз шығарылған 1,3 триллион теңге көлеміндегі активтер қайтарылды.