АСТАНА. KAZINFORM — Қатарда өтіп жатқан футболдан Азия кубогы 1/8 финалына жолдама алған құрамалар белгілі болды.
Жарыстың аталған сатысында әрбір топтан алғашқы екі орындағы құрама мен үшінші орын алғандар арасында үздік көрсеткішке қол жеткізген төрт құрама бақ сынайды.
Олардың қатарында Австралия, Тәжікстан, Ирак, Қатар, Өзбекстан, Сауд Арабиясы, Бахрейн, Жапония, Иран, Сирия, Оңтүстік Корея, Таиланд, Палестина, Иордания, БАӘ, Индонезия құрамалары бар.
1/8 финал ойындары 28-31 қаңтар күні өтеді.
Жарыстың аталған сатысында құрамалар төмендегіше жұп құрады:
Австралия — Индонезия
Тәжікстан — БАӘ
Ирак — Иордания
Қатар — Палестина
Өзбекстан — Таиланд
Сауд Арабиясы — Оңтүстік Корея
Бахрейн — Жапония
Иран — Сирия.
Сондай-ақ биыл Еуропа чемпионаты (14 маусым-14 шілде), Америка кубогы (20 маусым-14 шілде) ойындары жалауын көтереді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.