Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі (АИИБ) қызметінің негізгі бағыты инфрақұрылымға және басқа да өндірістік секторларға инвестициялар салу жолымен Азиядағы экономикалық дамуға, әл-ауқатты жасауға және инфрақұрылымның өзара іс-қимылын жақсартуға жәрдемдесу болып табылады.
2015 жылғы 29 маусымда Бейжіңде қол қойылған.
Келісімге сәйкес, Қазақстан АИИБ-дің құрылтайшы мемлекеттер қатарына енеді. Қазақстанның АИИБ капиталындағы жалпы үлесі 729,3 миллион АҚШ долларын немесе 0,7293 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіштер бойынша біздің еліміз 37 өңірлік мүшелер арасында 17-ші орынды иеленеді.
2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру жөніндегі Республикалық бюджет комиссиясының 2015 жылғы 8 тамыздағы отырысында мүшелік жарналарды төлеуге қажетті қаражаттың жыл сайынғы сомасы 5 396,45 млн. теңге болып мақұлданды.
Құжатты ратификациялау инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға Қазақстанға ұзақ мерзімді несиелік ресурстарды әкелуге мүмкіндік береді.
Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.