деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгінде Азия қазіргі заманғы әлемдік дамудың ең негізгі қозғаушы күш болып табылатынын нық сеніммен айта аламыз. Жақын перспективада оның маңызы мен рөлі одан сайын өсе түседі. Азиялық даму банкі сарапшыларының соңғы болжамдары бойынша, жаһандық экономикада Азия күштірек бола түсуде, бұл мезгілде Батыс елдері дағдарысқа дейін күтілгендегіден де жылдамырақ өздерінің Ішкі жалпы өнімдерінің үлесін азайтатын болады», деді форумда О. Мұхамеджанов.
Мәжіліс Төрағасы өткен жылдың қорытындысы бойынша жылдам дамушы он елдің алтауы Азияның өкілдері болып табылатындығына тоқталды. «Бұған олардың қаржы секторының тұрақтылығы, биліктің дағдарысқа қарсы тиімді бағдарламасы ықпал етуде, бағдарлама аясында мемлекеттік сектормен шамамен 1 трлн. АҚШ доллары бөлінген», деді ол.