АСТАНА. KAZINFORM – Садақ атудан Қазақстан командасы Сувондағы (Оңтүстік Корея) Азия Кубогінде екі қола медальға қол жеткізді.
Olympic.kz. мәліметінше, екі жүлде де аралас командалар арасындағы жарыста қоржынға түскен.
Атап айтсақ, Андрей Тютюн мен Адель Жексенбинова блокты садақ атуда қола еншіледі.
Дәулеткелді Жаңбырбай мен Алина Ілиясова классикалық садақ атудан үздік үштікті түйіндеді.
Оралхан Қожанов
2013 жылы Алматы қаласындағы Абай атындағы ҚазҰПУ-ді журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары «Баянтау», «Ауыл тынысы», «Отарқа», «Сарыарқа самалы», «Қазақ үні», «Егемен Қазақстан» газеттерінде, «Ұлыс медиа» порталында қызмет атқарды.