Олимпиадалық кросс-кантриден өткен жарыста қазақстандық спортшы мәреге бірінші болып келді. Казанцевтің уақыт көрсеткіші – 1:35.43. Екінші және үшінші орындарды жапон спортшылары иеленді.
Темірлан Мұхамедиянов пен Әділ Шәкіров тиісінше бесінші және алтыншы орынға табан тіреді.
Сондай-ақ, эстафетада қазақстандықтар мәреге бірінші болып келді. Эстафеталық сында Қазақстан намысын Кирилл Казанцев, Егор Карасев,Татьяна Богданова және Александр Дымовских қорғаған болатын.