«Азия мен Еуропа арасындағы құрлықтық транзиттік тасымалдардың 80% жуығы Қазақстан арқылы өтеді. Үкімет агроөнеркәсіптік кешен саласына инвестициялар тартуға үлкен көңіл бөліп отыр. Бізде алдағы 5 жылға импортты алмастыру және экспорттық әлеуетті дамыту бойынша тауарлар өндірісін ұлғайтуға бағытталған 6 млрд АҚШ доллары сомасына 883 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды», - деді Айдарбек Сапаров елордада өтіп жатқан ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөніндегі министрлер конференциясында.
Министрдің айтуынша, елімізде инвестициялық қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасалған.
«Экономиканың аграрлық секторының қолданыстағы заңнамалық базасы инвесторлар үшін барынша тартымды және кәсіпкерлікті қорғауға және қолдауға бағытталған. Инвестициялар үшін әлеуетті бағыттардың бірі тереңдете өңдеу жобалары жоғары өңдеу өндірісі. Ет пен сүт, қант қызылшасын, өсімдік майын, сондай-ақ құс етін өндіру және өңдеу саласындағы жобалар да қызығушылық тудырып отыр», - дейді ол.