«Азия Микс» КВН командасының мүшесі қылмыстық әрекет күдігімен ұсталды

БІШКЕК. ҚазАқпарат – Маратик атымен танымал, «Азия Микс» КВН командасының мүшесі Марат Джуманалиев қылмыстық әрекет күдігімен ұсталды. Ақпаратты құқық қорғау органдары растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, екі күдікті ұсталған. Олар «Спекулянт» компаниясының бас директоры, РФ азаматының сеніміне кіріп, шетел валютасындағы ірі көлемдегі ақшалай қаражатын иемденген және оның құқық қорғау органдарындағы мәселесін шешуге ықпал етуге уәде берген.

Екі күдікті берген уәдесін орындамай, ақшалай қаражатты иемдену мақсатында «Спекулянт» компаниясының бас директорының туыстарына қысым көрсеткен. Сондай-ақ, республика жоғары басшылығында жеке байланыстары бар екенін, МҰҚК төрағасы К. Ташиевтың ұлымен жеке таныс екенін айтып, қорқытқан.

Сотқа дейінгі тексеру барысында екеуі кінәларын мойындаған. Қазіргі уақытта жедел тергеу іс-шарасы жалғасып жатыр.



Фото: for.kg