Басылымның ақпаратына қарағанда, Азияда 608 долларлық миллирдерлер тұрады, одан кейінгі орындарға - 440 миллиардермен Солтүстік Америка және 324 миллиардерлері бар Еуропа жайғасқан.
Елдер бойынша бай адамдардың саны жағынан АҚШ (409 миллиардер) бірінші орынға шықты, екінші орында - Қытай (317 адам), үшінші орында - Ресей (88 адам). Дәулетті адамдардың саны жағынан алғашқы ондыққа Германия, Ұлыбритания, Үндістан, Швейцария, Бразилия, Тайвань, Франция және Түркия (Париж бен Анкара оныншы орынды бөлісті) кірді.