Бұл туралы бүгін «ҚазАқпаратқа» елорданың Туризм және спорт басқармасынан мәлім етті.
Астанада 7-Қысқы Азия ойындарына төрт спорттық нысан қатыстырылады. Оның үшеуі Азия ойындарына арнайы салынды.
«Алау» конькимен жүгіру стадионы, Республикалық велотрек, «Барыс» және «Қазақстан» спорт кешендерінде бүгінгі күні құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталды. Азия Олимпиадалық кеңесінің комиссиясы нысандардың барлық талаптарға сай екендігін растады.
Өткен жылдың қараша-желтоқсан айларында барлық спорттық құрылымдарда республикалық және халықаралық деңгейдегі сынамалық жарыстар өтті. Мәселен, «Қазақстан» спорт кешенінде Континенталдық хоккей лигасының чемпионаты, «Барыс» спорт кешенінде хоккейден жасөспірімдер арасындағы республикалық жарыстар, республикалық велотректе Ресей Федерациясы спортшыларының қатысуымен шорт-тректен Қазақстан Республикасының Кубогы үшін байрақты бәсеке және Конькимен жүгіру стадионында конькимен жүгіру спортынан ел Кубогы үшін жарыстар өтті.