Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындары аясында ушу-саньда сайысы бойынша Ұлттық құрама мүшесі Аян Тұрсын қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
52 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында отандасымыз жарыс қожайыны Юэяо Лиге есе жіберді.
Айта кетейік, қытайдың ұлттық спорты - ушудың саньда түрі Азия ойындарының бағдарламасында 1998 жылдан (ерлер) бар. Әйелдердің бәсекесі 2010 жылы қосылды. Әйелдер екі салмақ (52, 60), ерлер бес салмақта (56, 60, 65, 70, 75) жүлделерді сарапқа салады.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.