Азия ойындары: Алғашқы алтын жүлдеден кейін Қазақстан медальдар кестесінде қай орында тұр

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарының төртінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының түскен алғашқы алтын жүлдеден кейін медальдар кестесінде қай орында тұрғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Фото: Olympic.kz

Азия ойындарында стендтік атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Команда құрамында Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина бар.

Нәтижесінде медальдар кестесінде Қазақстан құрамасы 16-орыннан 11-орынға көтерілді. Олардың еншісінде 1 алтын, 2 күміс, 7 қола медаль бар.

Медальдар кестесінде Қытай, Оңтүстік Корея және Жапония құрамалары алғашқы үштікте келеді.