Азия ойындары: балуан Бекасыл Асамбек алтын медаль жеңіп алды

Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық балуан Бекасыл Асамбек еркін күрестен Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитет мәліметінше, жерлесіміз 60 келіге дейінгі салмақтың финалында өнер көрсетті. Бекасыл ақтық сында Солтүстік Корея елінің өкілі Хун Юмен күш сынасты. Нәтижесінде қазақ балуаны 4-1 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Бақдәулет Ағабек еркін күрестен жасөпірімдер Азиадасында қола жүлдегер атанды.

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық ауыр атлет Нұрсыйла Берікбол қола жүлде алды.

Боксшы Санжар Матасов жасөспірімдер Азиадасының қола жүлдегері атанды.