Азия ойындары: Ботагөз Қапанова жеңіске жетті
11:49, 25 Қыркүйек 2023
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында Ботагөз Қапанова жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
49 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз таеквондодан 1/8 финалда жапониялық қарсыласын 2:0 есебімен жеңді.
Қытайдың Ханчжоу қаласында XIX Азия ойындарында бүгін спорттың 11 түрі бойынша 38 медаль сарапқа салынатынын жазған болатынбыз.