Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында джиу-джитсудан Галина Дуванова (57 келі) финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшы 1/8 финалда Зи Минх Нгуенді (Въетнам) 50:0 есебімен тізе бүктірсе, 1/4 финалда Удвал Цогхууды (Моңғолия) қапы қалдырды.
Жартылай финалда әлем чемпионатының қола жүлдегері Орапа Сеназамды (Таиланд) 2:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.
Енді қарсыласы - Азияның 3 дүркін чемпионы Анние Рамирез(Филиппин).
Галина Дуванова - ел құрамасындағы тәжірибелі спортшы. Ол әлем чемпионатында 3 мәрте қола жүлдегер атанған.
Еске салсақ, бұдан бұрын джиу-джитсуден Нұржан Батырбеков Азия ойындарының чемпионы атанды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.