Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Таиландтан басым түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық гандболшылар А тобында сынға түседі. Қарсыластары - Оңтүстік Корея, Таиланд және Өзбекстан.
Алғашқы ойынында ел құрамасы Таиландты 44:20 есебімен басым түсті.
Енді қазақстандық гандболшылар 27 қыркүйекте Өзбекстан, 30 қыркүйекте Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасады.
Әрбір топтан алғашқы екі орындағы құрамалар жарыстың келесі сатысына шығып, жүлделерді сарапқа салуға мүмкіндік алды.
Қазақстан әйелдер құрамасы 2002, 2006 жылдары Азия ойындарында чемпион атанды.
Ал еліміздің ерлер құрамасы С тобындағы алғашқы кездесуінде Бахрейннен 22:45 есебімен жеңілді.
Енді олар 25 қыркүйекте Өзбекстанмен кездеседі.
Еске салсақ, 23 қыркүйекте Ханчжоуда 19-шы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.