Қазақстан құрамасы екі медальмен көзге түсті.
ҚР ҰОК мәліметінше, 56 келіге дейінгі салмақта Мұхаммад-мамай Әсетұлы қола жүлде үшін өткен белдесуде кореялық До Ен Лиден басым түсті. Сол салмақтағы Уәлихан Алдияр финалда БАӘ өкілі Убайд Алкетбиден жеңіліп қалды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасынан бес дзюдошы Азия ойындарының финалына шықты.
Қазақстаннан төрт балуан жасөспірімдер Азиадасының қола жүлдесі үшін бақ сынайды.
Абдулла Батырбек жасөспірімдер Азиадасында алтынға таласады.