Азия ойындары: Қазақстан қоржынына 37-ші медаль түсті
14:11, 02 Қазан 2023
Батуттық гимнастикадан әйелдер арасында ел намысын қорғаған Виктория Бутолина финалда 52.600 ұпай олжалап, үшінші орынға табан тіреді.
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл – Ханчжоуда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында ел қоржынына түскен жиырма алтыншы қола медаль.