Қазақстандықтар Маргарита Торлопова мен Ульяна Киселева Қытайдың Ханжчоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
М.Торлопова мен У.Киселева 200 метр қашықтықта каноэдан жұптасып өнер көрсетуде тек қытайлықтарды ғана алға жіберді.
Өзбекстандық дуэт қола жүлдені қанағат тұтты.
Осылайша, бүгін қазақстандық ескекшілер Азиадада қос күміс, бір қола жүлдеге ие болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан қоржынына төртінші алтын медаль түскенін жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Мария Бровкова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Ағайынды Емельяновтар Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).