Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен Азия ойындарының қорытынды нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы 80 медаль алып, жүлде саны жөнінен алғашқы бестікке кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел құрамасы екі аптадан астам уақыт бойы 80 медаль (10 «алтын», 22 «күміс», 48 «қола») еншіледі. Бұл жөнінен қазақстандық спортшылар бесінші орынға жайғасты.
Ал Өзбекстан құрамасы 71 медаль (22-18-31) алып, алтыншы орынға табан тіреді.
Медальдар кестесіндегі үздік ондықтағы құрамалар:
1.Қытай - 383 (201-111-71)
2. Оңтүстік Корея - 190 (42-59-89)
3. Жапония - 188 (52-67-69)
4. Үндістан - 107 (28-38-41)
5. Қазақстан - 80 (10-22-48)
6. Өзбекстан - 71 (22-18-31)
7. Кытайлық Тайбэй - 67 (19-20-28)
8. Таиланд - 58 (12-14-32)
Еске салсақ, бүгін Азия ойындарында каратэші Мөлдір Жаңбырбай күміс медаль алды.
Сондай-ақ, қазақстандық спортшылар артистік жүзуден командалық сайыста қола жүлдегер атанды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.