ҚР Туризм және спорт министрлігінің мәліметіне сүйенсек, О. Сафронова 200 метр қашықтықты 22.79 секундта жүгіріп өтіп, финалға 4-ші нәтижемен шықты.
Отандасымыз бұған дейінгі Азия ойындарында – 2014 жылы алтын, күміс және қола жүлделер алған болатын. Ал 2018 жылы қола медальге қол жеткізді.
Финал 2 қазан күні Астана уақытымен 17:45-те өтеді.
Еске салайық, Ханчжоуда Азия ойындары 23 қыркүйек - 8 қазан аралығында өтіп жатыр.
1 қазан таңындағы жағдай бойынша, Қазақстан медальдар кестесінде 11-орында тұр. Қоржында әзірге 26 медаль бар – 3 алтын, 4 күміс және 19 қола.
Турнирдің абсолютті лидерлері бұрынғыша – Қытай (216 медаль: 114— 68 — 34), Жапония (105 медаль: 28 — 38 — 39) және Оңтүстік Корея (110 медаль: 27 — 29 — 54).
Бүгін Қазақстан құрамасынан төрт боксшы шаршы алаңға шығады.