Азия ойындары: Қазақстан әйелдер құрамасы көгалдағы хоккейден алғашқы жеңісіне қол жеткізді
14:06, 29 Қыркүйек 2023
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында көгалдағы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық спортшылар В тобында сынға түседі. Қарсыластары – Қытай, Жапония, Таиланд, Индонезия.
Бүгінгі кездесуде ел құрамасы Индонезияны 2:1 есебімен сүріндірді.
Айта кетсек, одан бұрын ел құрамасы Қытайға 0:11, Таиландқа 0:4 есебімен есе жіберген.
Енді олар алдағы ойынын 3 қазанда Жапонияға қарсы өткізеді.
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарына бесінші мәрте қатысып отыр. Әзірге 1998, 2014 жылдарда алған 6 орыннан басқа жоғары нәтижеге қол жеткізген жоқ.
Еске салсақ, бұдан бұрын баскетболдан Қазақстан ерлер құрамасы БАӘ-мен кездесті.