Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында әлем чемпионы Махмуд Сабырхан келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық боксшы 57 келіге дейінгі салмақта 1/16 финалда оңтүстіккореялық Ичань Лимен қолғап түйістірді.
Махмуд биыл Ташкентте өткен әлем біріншілігінде 54 келіге дейінгі салмақта үздік шыққан еді.
Бірінші раундта бес төрешінің төртеуі басымдықты қазақ боксшысына берді. Екінші кезеңде қарқынын үдеткен Махмуд қарсыласын нокдаунға жіберді. Үшінші раундта да еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Есеп – 5:0.
Осылайша, Махмуд Сабырхан 1/8 финалға жолдама алды. Ол жартылай финалға шығу үшін солтүстіккореялық боксшымен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Сәкен Бибосыновтың Азия ойындарында алғашқы жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.
Азия ойындарында Қазақстан ерлер құрамасы нысана көздеуден күміс медаль алды.
Теннисші Денис Евсеев Азия ойындарының ширек финалына шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).